Руханият

Жыл қайыра білесіз бе?

   Жыл қайыра білесіз бе?

Біздің бала кезімізде үлкендер адамдардан «жасың нешеде»? деп сұрамайтын, керісінше «қай жылғысың»? деп сұрайтын да жылыңды айтсаң болды, «қояннан қоян он үш, қояннан қоян 25» дегендей арықарай есептей жөнелеіп жасыңызды қолмен қойғандай айтатын.
Жыл қайырудың байыбына бара бермейтін жастарбіздер мұны қалай біледі екен деп, бір түрлі таңырқай қарайтынбыз. Сөйтсек, өмір бойында аспан астында, дала төсінде малмен бірге өсіп, Жаратқанның жасырын сырының бәрін табиғаттың қас-қабағынан, әсіресе , жұлдыздардың жымыңдасуынан ұққан халқымыздың тапқырлық есебінің бірі — жыл қайыру екен ғой. Бұл әсіресе, адам жасын есептеуге келгенде бірден-бір ұтымды жол.Ол үшін әуелі мүшел деген ұғым дұрыс пайымдауымыз қажет болады. Дәстүрлі жыл санаудың барлығында 12 жыл болатынын жақсы білеміз. Сол 12 жыл бітіп, 13- жылға аяқ басқанда сіз алғашқы мүшел – 13-ке толасыз. Онан кейінгісіне 12 жылды қоса бересіз. 25,37,49,61 дегендей мүшел жас болып шығады. Есепшілер сіздің бет-әлпетіңізге қарап, осы мүшелдердің қайсысына дөп келетініңізді айқындайды да, сіздің туған өзіңіз айтқан туған (мүшел болып келетін) жылыңызға биылғы жыл аралығындағы жылдарды жоғардағы мүшел сандарға қоса салады. Сөйтіп, жасыңызды дәл табады. Ол үшін атаулы 12 жылдың ретін жақсы білсе болғаны. (Тышқан,Сиыр, Барыс, Қоян,Ұлу, Жылан,Жылқы, Қой, Мешін,Тауық, Ит, Доңыз)
Ал бүгінгі таңда адамның неше жаста емес, қайжылы туғанын білу маңызды. Өйткені жастар туған жылын цифр түрінде біледі де, жан-жануар атымен аталатын ескіше жыл санау бойынша біле бермейді. Сондықтан ескіше жыл қайыру әдісімен өзіздің қазақша қай жылы туғаныңызды, неше мүшелге толғаныңызды білгіңіз келсе, қолыңызға қалта телефоныңызды алып, калкуляторын іске қосыңыз Григориан күнтізбесі бойынша өз туған жылыңызды 12 санына бөлесіз, егер ол еш қалдықсыз бөлінсе, мешін жылы дүниеге келгенсіз. Ал егер ол бүтін бөлінбей, қалдықпен шықса, жылды сол қалдық бойынша анықтайсыз. Мысалы, 1 қалдық – тауық жылы, 2 қалдық – ит жылы, 3 қалдық – доңыз жылы, 4 қалдық – тышқан жылы, 5 қалдық – сиыр жылы, 6 қалдық – барыс жылы, 7 қалдық – қоян жылы, 8 қалдық – ұлу жылы, 9 қалдық – жылан жылы, 10 қалдық – жылқы жылы, 11 қалдық – қой жылы. Ал мүшел есебінің қай жылына жататыныңызды білу үшін туған айыңыз бен күніңізді қоса ескеріңіз. Өйткені ескіше жыл санау мен григориан күнтізбесі толық сәйкес келмейді.
Айталық, сіз 1961 жылы тусаңыз бұл санды 12-ге бөлесіз. 1961:12=163 және 5 қалдық шығады (1961=12х163+5). 5 қалдық сиыр жылына тура келеді. Бірақ ескіше мүшел жылы наурыздың 22-сінде басталатындықтан, сіз сиыр емес, оның алдында тұрған тышқан жылында дүниеге келген болып саналасыз.
Жыл санау мен жыл қайыру наурыз айынан басталатынын ұмытпау керек. Жыл басы тышқан.Жыл қайыру да осы тышқаннан басталады және оның реттік кезегі мынадай:
№ Жыл аты Жылдар
1 Тышқан 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996 2008 2020 2032
2 Сиыр 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997 2009 2021 2033
3 Барыс 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998 2010 2022 2034
4 Қоян 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999 2011 2023 2035
5 Ұлу 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000 2012 2024 2036
6 Жылан 1929 1941 1953 1965 1977 1989 2001 2013 2025 2037
7 Жылқы 1930 1942 1954 1966 1978 1990 2002 2014 2026 2038
8 Қой 1931 1943 1955 1967 1979 1991 2003 2015 2027 2039
9 Мешін 1932 1944 1956 1968 1980 1992 2004 2016 2028 2040
10 Тауық 1933 1945 1957 1969 1981 1993 2005 2017 2029 2041
11 Ит 1934 1946 1958 1970 1982 1994 2006 2018 2030 2042
12 Доңыз 1935 1947 1959 1971 1983 1995 2007 2019 2031 2043

Бодаухан Тоқанұлы

Осы айдарда

Back to top button