Antikor LiveЗаң талабыҚылмысТОП

Жұмыс берушілер еңбек заңнамасын 2031 рет бұзған

Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ

Ағымдағы жылдың 10 айында өңіріміздегі еңбек заңнамасын бұзған еңбек ұйымдарынан мемлекет кірісіне 30,1 млн.теңге өндіріліп алынды.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын 2031 рет бұзғаны тіркелген. Олар бойынша 213 нұсқама берілген. 220 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 152 әкімшілік айыппұл салынды.

Облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, жиі кездесетін еңбек заңнамасының бұзушылықтары бұл – жалақының кешігуі, заңсыз жұмыстан босату және өндірістік жарақаттану екен.

-Бұл мәселелер «Антикор орталығында» өткен Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі жанындағы кәсіпкерлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің кезекті отырысында талқыланды. Барлық проблемалық мәселелер бойынша Комитет мүшелері ұсынымдар әзірлеп, әрі қарай орындау үшін мемлекеттік органдарға жолдады, – деді облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде.

Осы айдарда

Back to top button