Сайлау-2023

Жөргектегі сәбиімен келіп таңдау жасады

Тарбағатай ауданында еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін елеңдеген сайлау науқаны жұртшылықтың ерекше белсенділігімен өтіп жатыр.

Әсіресе, аудан орталығы Ақжар ауылында кәмелеттік жасқа толған тұрғындардың барлығы дерлік өз таңдауын жасап, саяси науқанның өз деңгейінде өтуіне үлестерін қосып жатыр. Тіпті жөргектегі сәбиімен келіп дауыс бергендер де бар.

Айталық, Абай атындағы орта мектебінде орналасқан N905 сайлау учаскесіне Самат Рахметолдаев отбасымен келді. Ерлі-зайыптылар бір баласын жетелеп, екінші жөргектегі нәрестесін қолына алып келіп өз таңдауын жасады.

Ерлан Бапанов

Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button