Жөндеу жұмыстарын жеделдету қажет – министр Риддер ЖЭО туралы
Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддердегі жылу электр орталығына жұмыс сапарымен барды.
Энергетика министрі жылу беру кезеңіне дайындық жөніндегі үйлестіру штабының отырысын өткізу мақсатында Риддер ЖЭО-ға жұмыс сапарымен барды. Қазір орталықта ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.
ЖЭО-да 6 қазандық және 4 турбина орнатылған. Биыл барлық 6 қазандықты жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жұмыстанрға 8 мердігер және 3 жобалық ұйым тартылып отыр. Одан бөлек отын беру, бойлерлерді күрделі жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Кестеге сәйкес, № 1, 2, 4 қазандықтарды жөндеудің аяқталу мерзімі – 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін, № 3, 6 қазандықтар – 2023 жылғы 15 қазанға дейін, №5 қазандық – 2023 жылғы 15 қарашаға дейін.
Станцияға мердігерлік ұйымдардың 200-ге жуық маманы жұмылдырылды.
Министрлік Үкіметпен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 8,3 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлу мәселелерін шешті.
Энергетика министр жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар багерлік сорғы, турбиналық цех, мазут сорғы жөндеумен қамтылмаған. Күл үйіндісі бойынша шешімді жеделдету қажет.