Оқиғалар

Жолаушылар автобусы жанып кетті

31-ші тамыз күні сағат 14.50-де төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөліміне Өскемен-Қарағанды бағытында жолға шыққан қоғамдық көліктің өртке оранғаны туралы хабар түсті.

Жолаушылар автобусы жанып кеттіDroegmoller маркалы автобуста 39 жолаушы болыпты. Аяқ астынан шыққан өртті сөндіруге үш техника мен 13 адам жұмылдырылып, тілсіз жау сағат 15.20-да ауыздықталған. Жолаушылардың барлығы аман-есен.

Отқа оранған көліктен адамдарды құтқару барысында бірнеше жолаушының киімдері мен заттары, ұялы телефондары жанып кеткен. Қазір өрттің шығу салдары жан-жақты зерттеліп жатыр. Жүргізушіге жоғары өрт қауіптілігі санатына жататын агрегатта қарапайым ережелерді сақтамау жөніндегі айып тағылуы мүмкін. Белгілі болғандай, автобус 1989 жылы шыққан ескі көлік, оның иесі – Қарағанды қаласының тұрғыны.

Қазір тергеушілер жолаушылар көлігінде орын алған өртке кінәлі адамды анықтап, келтірілген шығындарды есептеу үстінде.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button