Оқиғалар
Жөндеу жұмыстары қолға алынады
Облыс орталығының мақтанышына айналған – Ботбай тауындағы «Қазақстан» жазуы мен осы жердегі мемориалды кешен қолайсыз ауа райы салдарынан айтарлықтай зақымданған.
Биылғы –40 градустық аяздар тау басындағы құрылыс қабырғасын әжептәуір шытынатып жіберген. Ал «Қазақстан» жазуының тіптен бірнеше әрпі ғана көрінеді. Сонымен қатар, осы маңайдағы полиция қызметкерлерінің бекеті де қирапты.
Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бұлбұл Бакинова алдағы 4-5 күнде жөндеу жұмыстары басталып, олқылықтың орны толтырылатынын айтады.
Шығыс-Ақпарат