Мәдениет

\”Жұлдызайдың\” жұлдыздары өнер көрсетті

"Жұлдызайдың" жұлдыздары өнер көрсетті

Кеше «Жұлдызай–2014» мүгедек балалар шығармашылығының ІХ республикалық фестивалі Өскеменнен бастау алды. Фестивальдың өңірлік іріктеу кезеңіне облыстың аудандары мен қалаларынан мүмкіндігі шектеулі 200-дей бала қатысып, өнердің әр түрінен сайысқа түсті.
Олар да ән салады, олар да би билейді, сурет салып, әртүрлі аспапта да шебер ойнайды. Мүгедек балалардың шығармашылығына арналған «Жұлдызай» республикалық фестивалінің өңірлік іріктеу кезеңіне қатысқан әр бала өзінше талантты.
Үлбі мәдениет сарайының фойесінде ұйымдастырылған көрмені тамашалаудың өзі бір ғанибет. Мүмкіндігі шектеулі ба-лалардың қолынан шыққан әр туынды көр-ген жанның көзін сүйсінтеді. Баланың жан дүниесі қашан да мөп-мөлдір ғой. Олардың қолтаңбасынан сұлулық пен әдемілікке де-ген іңкәрлікті де бірден байқауға болады.
Міне, мынау – Үржар ауданындағы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға ар-налған медициналық-әлеуметтік мекемесі-нің тәрбиеленушісі Әлібек Төлегеновтің қолынан шыққан бұйымдар. Оның балық-
тың сүйегінен құрастырған «Гүлі» мен жұмыртқаның қабығынан жасаған «Арғы-мағы» тым сәтті шығыпты. Өз еңбегін бізге мақтана көрсеткен бүлдіршін болашақ арманы – еңбек сабағының мұғалімі болу екенін де жайып салды. Осы мекеменің тағы бір тәрбиеленушісі Аман Құрбанов ағашты күйдіру технологиясын жақсы меңгеріпті.
Жалпы, талантты балалардың шығарма-шылығын жетілдіруге арналған мұндай фестивальдардың берері көп-ақ. Мұны өз сөзінде Семей қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған №3 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Ибраева да ерекше атап айтты.
– «Жұлдызай» фестиваліне біз жыл сайын қатысамыз. Жыл сайын балалар шығармашылығына арналған осынау ша-раға қатысуға тілек білдірушілердің де қатары артып келеді. Осы жолы барлық аталым бойынша 23 баланы алып келіп отырмыз. Жылда бұл фестивальдан жүлдесіз де қайтпаймыз. Өткен жылы ұйымдастырылған «Жұлдызай» фестивалінде аспапта ойнау номинациясы бойынша бас жүлдені иеленген болатынбыз. Бұл жолы «Менің бақытты отбасым» тақырыбында бейнеролик те түсіріп алып келдік. Мен осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса деймін. Сонда ғана мүгедек балалар өздерінің қоғамға керек екендігін жақсы сезінетін болады, – дейді Жанна Мырзағалиқызы.
Фестивальдың ашылу салтанатында «Жұлдызай» қорының директоры Гүлхан Исабаева да сөз алып, қатысушыларға
жылы лебізін білдірді.
Осы уақытқа дейін фестивальға 25 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала қатысыпты. Биыл шырайлы Шығыстан бас-
тау алған байқаудың іріктеу кезеңдері еліміздің тағы да 16 қаласында жалғасын таппақ. Екінші кезеңге жолдама алған балғындар Астанада өнер көрсету мәр-тебесіне ие болады. Сондай-ақ, «Жұлдызай» қорының директоры осынау шараны ұйымдастыруға зор үлес қосқаны үшін облыстық білім басқармасына зор алғысын да жеткізді. Өз кезегінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбараш Мәткәрімова фестивальға қа-тысушыларды білім басқармасы басшысы-ның атынан құттықтап, өнер мерекесіне сәттілік тіледі.
Иә, бұл күн шынында да, өнер мерекесі болды. Жастайынан тағдырдың қатал сынына ұшырап, мүгедек арбасына таңылса да, өмірін өнермен өрнектеп жүрген ұлан-дардың барлығы да «Жұлдызайдың» нағыз жұлдыздары екеніне сенесің.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button