Жүлделі орынды иеленді
Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде еліміздің жоғары оқу орындары арасында «Информатика» пәнінен V республикалық олимпиада өтті.
Оған Семей мемлекеттік педагогикалық институтының командасы қатысып, үшінші орынды иеленіп қайтты. Шарт бойынша әр университет жетекші мұғалімі бар үш студенттен құралған команда жасақтаған. СМПИ командасы қатарында студенттер А.Ержанов, Ш.Шотаев, Ч.Маликов және олардың жетекшісі, информатика және информациялық технологиялар кафедрасының оқытушысы Бақытбек Орынбаев болды.
Екі бөлімнен (бағдарламаландыру бойынша есептерді команда болып шығару және жеке түрде тапсырма орындау) тұрған білім сайысында тамаша өнер көрсеткен семейлік команданың мүшелері өздерінің білім деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді.