Білім

Жемқорлық фактілері жиілеп кетіпті

Семейде облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметованың қатысуымен білім саласындағы жемқорлықпен күрес туралы семинар-кеңес өтіп, оның күн тәртібіне саладағы басқа да өзекті мәселелер арқау болды.

Жемқорлық фактілері жиілеп кетіпті– Мемлекеттік білім мекемесінің басшылары өз имидждерінің дұрыс болғандығын қадағалауы керек, – деді М.Ахметова баяндамасының барысында. – Маркетингтік зерттеулер арқылы белгілі болғандай, негізінен халық пікірі басшылардың біліктілігін анықтайды. Басшы сондықтан халық алдында да, өзі қыз-мет ететін ұжымының алдында да имид-жіне нұқсан келмеуін ойластырғаны жөн. Мемлекетімізге таза жүрек, адал көңілмен және ар-намыс мәселесін алға қойып жұмыс істейтін белсенді қызметкерлер керек. Ондай басшыға халықтың болашағын, жастардың ертеңін сеніп тапсыруға әбден болады.

Келесі кезекте сөз алған облыстық қаржы полициясы басқармасының Семей өңірі бойынша аға инспекторы Жанар Құрманғалиеваның пікірінше, білім саласында биыл өткен жылдармен салыстырғанда жемқорлық фактілері жиілеп кеткен. Дәл бүгінгі күнге дейін аталған мәселеге орай 40 факті анықталып отыр. Оған бірнеше мектеп директоры мен колледж басшыларының пара алу үстінде ұсталуы нақты дәлел бола алады.

– Мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бағытты бөлінген қаражатты қымқырғандар да жеткілікті. Мәселен, қазір Семей құрылыс колледжі директорының орынбасары қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Бұдан шығатын қорытынды – білім саласының қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, азаматтық қоғам институтын дамытуды қолға алғаны жөн, – деп атап өтті аға инспектор.

Жемқорлықпен күрес барысында атқарылып жатқан шаралардың бірқа-тарына тоқталып өткен Семей қалалық денешынықтыру, спорт және білім бөлімінің бастығы Гүлжан Алтынбекованың келтірген мысалдары тұщымды шықса, Елбасы Жолдауына орай сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің пәрменділігі жайында ой толғаған электртехникалық колледждің директоры Е.Баль да бірқатар мәселелерге тоқталып, бүгінде облысымыздың барлық аумақтарында, оқу-өндірістік салаларда жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі кең қолдау тауып отырғаны өте дұрыс деп атап өтті.

Раушан Нұғманбекова
Семей

Осы айдарда

Back to top button