Оқиғалар

Жиеніміз елге оралатын болды

Австралиядағы Бризбен қаласында азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқан жерлесіміз, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гриффит университетінде білім алып жүрген 22 жастағы Глубокое ауданының тумасы Сағынай Батырханованың баласы елге әкелінетін болды. Аталған қаланың федералдық соты осындай шешім шығарды.

Жиеніміз елге оралатын болдыБұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді. Оның айтуынша, СІМ С.Батырханованың баласын Қазақстанға қайтару мәселесін алғашқы күннен-ақ қатаң бақылауға алған. Марқұмның ата-анасы Серік пен Сәлия Батырхановтардың баланы алу мәселесімен Бризбенде жүргендеріне 2 айдай уақыт болды. Олардың сол елде жүріп-тұруы үшін Гриффит университетінен көмек ретінде ақша бөлінген.

– Біз баланы Қазақстанға қай-таруға қажетті барлық құжаттарды әзірледік, – дейді А.Абибуллаев. – Енді Австралия тарапынан заңдық үдерістер аяқталған соң Батырхановтар отбасы немересімен елге ұшатын болады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button