Білім

Жетпіс студент бір мезетте кітап оқыды

Жетпіс студент бір мезетте кітап оқыдыӨскемендегі орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері «Бірге кітап оқиық!» атты флэш-моб ұйымдастырды.

Кітап оқуды насихаттауға арналған бұл шараға қаладағы бес жоғары оқу орнынан 70 студент қатысты. Кітап оқуға шақыратын әртүрлі плакаттарды ұстаған жастар кітапхана алдына жиналды.

Бір сапқа тізіліп кітап оқып тұрған жастарға тұрғындардың бәрі назар аударды. Флэш-мобтың мақсаты да осы еді, яғни елдің кітапқа деген ықыласын аудару. 5 минуттай «кітап оқыған» жастар сәлден соң тарап кетті. Бірақ «кітап оқуға шақыру» шарасы мұнымен аяқталған жоқ, кітапхана қызметкерлерінің кітапты насихаттауға арналған іс-шара жоспарлары әлі жалғаса бермек.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button