Жеті студент Кореяда білім алады
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жеті студенті академиялық ұтқырлық және қосдипломдық білім бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяға жол жүрмек.
Олардың ішінде А.Сұлтанбекова, Р.Шаршова, Ш.Ақтанова, З.Жүнісова, Д.Түсіпжанова қосдипломдық білім бағдарламасы бойынша оқыса, А.Төлегенов пен Ф.Косетова студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша білім алмақ. Кореяда «бакалавриат» бағытындағылар 2 жыл, ал студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша баратындар 6 ай білім алмақ.
Семей мемлекеттік педагогикалық институты соңғы үш жыл қатарынан Кореяның Джионгсанг ұлттық университетімен білім алмасу бағдарламасы аясындағы екіжақты келісім жасасып келеді. Студенттердің айтуынша, Оңтүстік Кореядағы оқу болашақтағы қызметтеріне, кәсіби өсулеріне көмектеседі.