Білім
Жерлесіміз Ресейді мойындатып қайтты
Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Темірлан Мұқашев 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен XVII халықаралық «Компьютерлік физика – 2013» турниріне қатысып қайтты.
Аталмыш турнирде өз білімдерін Ресейдің 15 қаласынан және Қазақ мемлекетінің қалалары мен облыстарынан 10 команда қатысып, паш етті.
Кіл дарындылардың арасынан біздің жерлесіміз Темірлан Мұқашев суырылып шығып, еліміздің және облысымыздың намысын абыроймен қорғады. Ол турнирдің ІІ дәрежелі дипломымен және арнайы сертификатпен марапатталды. Зерек жасты айтулы жарысқа дайындаған оқытушысы Жанболат Рүстемов екенін айта кеткен абзал.
Шығыс-Ақпарат