Мемлекеттік қолдау

Жеңілдетілген несиелер берілді

Азамат Темірбеков

Биыл жыл басынан бері өңірдегі шаруаларға 640 миллионнан астам теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие берілді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары шеңберінде микронесие беру жұмыстары былтырдан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан көрінеді. Мысалы, өткен жылдың қазан айында мемлекеттен алты пайыздық мөлшерлемемен 1 058 млн теңге сомасында  несие бөлінген.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін азаматтарды микронесиелеу және микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді қорландыруды мақсат еткен бұл бағдарламаның операторы «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы.

Биылғы наурыз айындағы жағдайға сүйенсек, осы мақсатта бөлінген қаражаттың 646,3 млн теңгесі микронесие ретінде берілген. Сонымен қатар Агрокредиттік корпорация 74,8 млн теңге сомасына парапар 10 өтінімді мақұлдаса, тағы 25 өтінім қаралып жатыр.

Корпорация мамандарының хабарлауынша, биылғы кестеге сәйкес, қарыз алушыларды ақпараттандыру және жинау мақсатында корпорация мен ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері аудандарға шығып, түсіндіру жұмысын жүргізуді қолға алды.

Осы айдарда

Back to top button