Оқиғалар

Жемшөпке сақ болған жөн

Өткен демалыста облыс аумағында 30 тонна шөп қоры өртке оранды. Тілсіз жаудан келген шығынның басым бөлігі Бородулиха ауданына тиесілі.

Жемшөпке сақ болған жөнАталған ауданда жекеменшік үйдің ауласында бір мезетте 13 тонна шөп өртенген. Өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған мал азығын бірнеше сағат бойы сөндірді. Абырой болғанда көрші үйлерге зияны тиген жоқ.

– Отбасы мүшелерін, үй-жайыңды өрттен сақтау үшін шөп қорын қауіпсіз жерге орналастырған абзал. Оны электр желісінен 15 метр, жолдан 20 метр, ғимараттар мен нысандардан 50 метрден кем емес қашықтықта сақтау керек, – дейді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт сөндіруді қадағалау бөлімінің бастығы Мейір Абаев.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button