ӨзектіТОП

Желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде Семей қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесі (хоспис) жақын арада жабылып, ал оның ғимараты жұқпалы аурулар ауруханасына берілетіні туралы ақпарат тараған еді. Аталған мекеменің басшылығы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

– Хосписті жабу туралы әңгіме шындыққа жанаспайды. Шамасы, адамдар коронавирустың алғашқы толқыны кезіндегі жағдаймен шатастырып алған болуы керек. Ол кезде біз шынымен жабылып, ғимаратымыз жұқпалы аурулар ауруханасына берілген. Бірақ қазір біз жұмыс істеп жатырмыз, емделушілер қажетті көмек алады,  төрт  рет тамақтанады, күтім көрсетіледі. Көп жатқаннан пайда болатын жаралардың алдын алу шаралары жүргізіледі.

Бас дәрігер ретінде айтарым, бізге қатысты желіде тараған ақпарат шындыққа сай келмейді, – дейді медициналық-әлеуметтік мекеменің бас дәрігері Ғалия Жуасбаева.

Қаладағы 30 адамға арналған бұл әлеуметтік мекеме үшінші жыл жұмыс істеп тұр. Бұл жерде онкологиялық және инсульттан кейінгі науқастар паллиативті көмекті алады. Мұнда олар оңалтудан өтіп, көк тамырға ауырсынуды басатын ине салады, барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Кәмал Естай

 

 

Осы айдарда

Back to top button