Қоғам

Жеке мобильді аударымдарды салық органдары тексере ме?

Соңғы уақытта азаматтардың жеке мобильді аударымдарын салық органдары тексеретін болды деген сөздер жиі айтылып жүр. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды?

Сайлаухан, Өскемен.

Жақында Алтай ауданында болып қайтқан еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы туралы сауалға былай деп жауап берген болатын:

«Жеке мобильді аударымдар жайлы біз осыған дейін көптеген түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Бұл жердегі басты мәселе – аталмыш жұмыстарды бір жүйеге келтіріп, әкімшілендіру болып табылады. Қазіргі уақытта азаматтар арасында көптеген қосымшалар арқылы ақша аударымдары жүріп жатады. Бұл бір жағынан дұрыс, өйткені, адамдар арасында қолма-қол ақша айналымынан гөрі аударымдар болғаны жөн деп есептейміз. Егер бұл аударымдар қандайда бір кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдар болса, онда сіз банктен арнайы шот ашуыңыз қажет. Дегенмен, аталмыш жұмыстар бүгін, я болмаса ертең жүзеге асқалы жатқан жоқ. Әзірге, біз барлық банктермен келіссөздер жүргізіп, ақпаратты қалай беріп, қалай алып, қалай тексеруге болатыны жайын зерделеудеміз. Сонан соң, бұл жоба 2025 жылы енгізілетін жалпыға бірдей декларациялау жұмыстары аяқталған соң ғана жүзеге асатын болады. Оған дейін ел азаматтары арасында тек түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осындай түсіндіру жұмыстарынан соң, қазіргі уақытта көптеген кәсіпкерлеріміз банктерден кәсіпкерлік мақсаттағы арнайы шот ашып жатқан мысалдары да баршылық».

Осы айдарда

Back to top button