БілімЖаңалықтар

Жайлы мектеп: ШҚО-да 10 мектеп салынады

ШҚО-да “Жайлы мектеп” пилоттық ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салынады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында өңірді дамытудың маңызды бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаевқа “Жайлы мектеп”  ұлттық жобасының іске асырылу барысы таныстырылды.

Жоба аясында ШҚО-да жалпы құны 34 717,4 млн теңгені құрайтын 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарлануда. Бұл туралы құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев баяндады.

Облыс әкімі “Жайлы мектеп” жобасын іске асыруда білім министрлігімен өзара байланыса отырып, әрбір нақты мектептің мүдделері мен өңірлік ерекшеліктерін ескеру қажет екенін атап өтті.

Осы айдарда

Back to top button