Мәдениет

Ұлттық кітапхана Шығыстың жауһар туындыларымен толықты

Халықтың рухани қазынасының қамбасындай болған Астанадағы «Алтай-Ертіс кітапханасы» шығысқазақстандықтардың 20 томдық жаңа кітабымен толықты.

Ұлттық кітапхана Шығыстың жауһар туындыларымен толықтыЕл Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған сериялы кітаптардың алғашқы басылымдары бүгінде оқырман қолына жете бастады. Алғашқы кітаптардың тұсаукесері 17-сәуір күні Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында өткен болатын.

Бұл жинақтардың алдымен «Алтай-Ертіс кітапханасы-нан» орын тебуінің де өзіндік мәні бар. Себебі, кітапхана – елдің әдебиет саласындағы ең алғашқы көлемді өңірлік жобасы. Тың жобаны ұсынған Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ кітаптың алғы сөзін жазғанда «Рухани мұра – оқырман олжасы» деп атап көрсеткен болатын. Тура осындай бағытты ұстанып келе жатқан «Алтай-Ертіс кітапханасы» шығысқазақстандық ғылым, білім, мәдениет қайраткерлерінің рухани мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу үшін бірлесе жұмыс жасап отыр.

Айта кетейік, 20 жазушының шығармашылығын қамтыған 20 том тек шығысқазақстандықтардың ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтанышы саналатын қазақ әдебиетінің кемеңгері, ұлы Абай Құнанбаевтың шығармаларынан бастау алған. Сондай-ақ, жинақтың бірінші топтамасына Ш.Әбенов, С.Қасқабасов, Қ.Ысқақов, Қ.Жұмәділов, Н.Айтұлы, Ш.Бейсенова, К.Юсупов, Ә.Асқаров, Т.Жұртбай, С.Оразалы сынды қаламгерлердің шығармалары енген.

Енді аталмыш кітапхана қызметкерлері жаңа авторлардан тұратын кезекті топтаманы жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button