Жаңалықтар

Жастарға энергетикалық сусындарды сатуға бола ма?

Елімізде жастардың энергетикалық сусындарды сатып алуына тыйым салынбақ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Министрдің мәліметінше қазақстанда 11 мен 15 жас арасындағы жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық және тәтті сусындарды қолданады.

– 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетик сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізіліп жатыр, – деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ елімізде балалардың 20%-ы артық салмақтан, ал 6%-ы семіздіктен зардап шегеді.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button