Қоғам

Жастарды полиция қызметі қызықтырады

Облыс орталығындағы Арбат көшесінде “Аманат” партиясы жанындағы “Жастар рухы” ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Оған полиция қызметкерлері белсене қатысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жәрмеңкеге қатысушылар көбіне тәртіп сақшыларына қазіргі уақытта полицейлерге қойылатын талаптар туралы, заңдарды білуге тестілеуден өту тәртібі, дене шынықтыру дайындығын тапсыру кезінде қандай нормативтерден өту керек екенідігі туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар, студенттерді тәртіп сақшыларына тән кәсіби қалыптасу және қызметте өсу мүмкіндіктері мен жеке қасиеттер мәселелері бойынша сұрақтар қызықтырды.

– Бос орындар жәрмеңкесі жастар үшін тікелей сұрақ қоюға және полиция қатарына қосылу мүмкіндігі туралы пайдалы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік. Өз қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін сауатты мамандар қажет, өйткені полициядағы жұмыс жедел шешім қабылдауды, азаматтармен үнемі байланыста болуды, олардың проблемалық мәселелерін шешуді талап етеді, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті кадр саясатының бастығы Ерхат Шалқыбаев.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button