Білім
Жас талапкерлер байқауы
Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы журналистикаға талпынып жүрген жастардың «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт Көшбасшысы» атты облыстық байқауын өткізді.
80 мектеп оқушысы мен колледж студенті бақ сынасқан байқауда жас ерекшеліктері бойынша үш топта жүлдегерлер анықталды. Мәселен, 7-8 сыныптықтар арасында семейлік Дана Нүркенова, 9-11 сыныптықтар арасында өскемендік Мадина Қинаятова және колледждіктер арасында Өскемендегі ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің 1-курс студенті Әбигүл Мұқаділ бірінші орынды иемденді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Шығыс-Ақпарат