Жаңалықтар

«Zhas project» жобасына қалай өтініш беруге болады?

Жастраға қолдау көрсететін тағы бір жоба Шығыс Қазақстан мен Жетісу облыстарында басталды. ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылған жоба жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған өз жобасын іске асыру мүмкіндігіне бағытталған.

“ШҚО Азаматтық Альянсы”  заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Аяужан Әшімова аталмыш жобаға қатысу үшін қойылатын талаптар мен тәртібін толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жоба аясында екі облысқа жалпы құны 28 миллион теңге болатын 28 грант бөлінген. Соның ішінде 14-і Шығыс өңіріне тиесілі. Жастарға берілетін гранттың ең жоғары сомасы бір миллион теңге.

Статистикалық деректерге сәйкес негізгі үштікке кіретін жастар арасындағы мәселе жұмыссыздық пен лайықты жалақы төленбейтін жұмыс көрінеді. Осы мәселені шешуге бағытталған аталмыш жобаның 2018 жылы да сәтті шыққаны мәлім. Жоба аясында сол жылы 130-дан астам жас қолдау тауып, өз кәсіптерін дөңгелеткен.

-2018 жылы сәтті болған бұл жоба бүгін де өз жалғасын тауып отыр. Ақпараттық жұмыстарды да бастап кеттік. Жобаға қалалық, аудандық жастар ресурстық орталықтарын тартуды көздеп отырмыз. Орталық мамандары арқылы  «Zhas project» туралы ақпаратты кеңінен таратып, жобасын ұсынып, кәсіп ашамын деген жастарды көптеп тартуды көздейміз, -дейді Аяужан Әшімова.

Мемлекеттік қолдауға өтініш берушілерге қойылатын талаптар да жоқ емес. Грантқа өтініш бергісі келген жас ең бірінші Қазақстан азаматы болуы шарт және 18 бен 35 жас аралығында болуы міндет. Сонымен қатар, осы облыстың тұрақты тұрғыны екенін дәлелдеуі тиіс.

Сонымен қатар, әлеуметтік жобаларға да төмендегідей талаптар қойылады:

  • жобаны іске асыру барысында ақылы қызмет көрсетуді көздейтін коммерциялық қызмет;
  • ұсақ жөндеу, құрылыс жұмыстарының қандай да бір түрлерін немесе ғимараттарды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды көздейтін жобалар;
  • жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін тауарларды сатып алуды көздейтін жобаларға;
  • діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар;
  • қоршаған ортаға теріс әсері бар жобалар;
  • жер учаскелерін, тұрғын үй, автокөлік сатып алуда көздейтін жобалар;
  • ғылыми зерттеулер жүргізу, әзірлеу;
  • мақсаты ақшалар сыйлықтар тапсыруды көздейтін жобалар;
  • қайырымдылық көмекті көздейті;
  • жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойынша кемсітушілікке әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыратын жобалар қаралмайды.

«Zhas project» жобасына өтініштер 9-24 қазар аралығында қабылданады. Бастамашыл жастардың идеялары жобаның әлеуметтік маңызы, нәтижелерінің қол жетімділігі, тұрақтылығы, орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы, бюджеттің орындылығы мен негізділігі бойынша бағаланбақ. Сонымен қатар жобаға өтініш берген NEET санатындағы жастарға, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан, балалар үйінің түлектеріне, ерекше қажеттілігі бар жастарға және «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы жас аналарға ерекше басымдық беріледі.

Айта кетелік, Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші сауалнама формасына сәйкес баралық қажетті сауалнамалық деректерді толтырып, http://zhaspoject-zhetysu-vko.kz/ ақпараттық ресурсында тіркелуі керек.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button