Жас мамандарға тәжірибесін үйретті
Аудандық оқу-ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес Ақши жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Жас маманға үйретеді ас маман» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – жас мамандарға оқу үрдісінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және тәжірибені дамыту бойынша көмек көрсету, жаңа идеялар ойлау және тәжірибе алмасу.
Семинарға әрбір пән бойынша ауданымыздан 25 жас маман қатысты. Семинар барысында өңірдің зерттеуші- мұғалімдері: Ақши жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Садықова, химия пәнінің мұғалімі Ж.Искакова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Бейсеғожина, информатика пәнінің мұғалімі А.Худушева, Сарыарқа жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі А.Жанболатова, Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Н.Көшкімбаева, Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Олжаханова сабақ өткізді.
Семинар соңында «Жақсы тілектер алқасы» әдісі бойынша кері байланыс жасалынып, жас мамандар қоржындарын сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерімен толтырып, ризашылықпен қайтты.
С.Қыржыбаев
Аягөз ауданы.