Қоғам

Жас мамандарды жұмысқа шақырды

Азамат Темірбеков

Алтай ауданының басшылығы Семей қаласындағы медициналық университетте болып, кадр тарту мәселесіне байланысты өткен кеңеске қатысты. 

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш іс-шара облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова бастаған аудандағы мемлекеттік органдардың өкілдері, орталық аудандық ауруханасы мен Серебрянка қаласының бас дәрігерлері Семей қаласының медициналық университетінде болып, ол жерде жас мамандарды тартуға байланысты өткен кеңеске қатысып қайтты.

Онлайн және офлайн режимдерінде өткен кеңеске аталған университеттің 46 түлегі қатысты. Кеңес барысында Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова қатысушыларды ауданның көрікті жерлерімен таныстырып, өңірдің даму перспективалары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, ол жас мамандарға қандай қолдау шаралары көрсетілетіні жайында да айтып өтті.

Осы айдарда

Back to top button