Жас кадрлардың резерві құрылады
Облыста басқару біліктілігі мен кәсіби қасиеттерінің даму деңгейі жоғары, қызметтік өсуге бағытталған басқару саласындағы мамандардың республикалық мәліметтер базасы құрылуда.
Бұл жоба жарқын көшбасшылық қасиеттері мен ақыл-ой үйлесімі бар 29 жасқа дейінгі отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін оқытуға арналған.
Өзіндік ұстанымы бар, дарынды әрі жоғары білікті адамдарсыз инновациялық экономиканы құру, өмір сапасын жақсарту, әлемдік бәсекелестікте жеңіске жету мүмкін емес. Сондықтан «Нұр Отан» ХДП Өскемен қалалық филиалының өкілдері мемлекеттік басқару жүйесінде, кәсіпкерлік пен қоғамдық-саяси қызметтегі кадр резервінің негізі бола алатын мақсаты айқын жас мамандардың қауымдастығын құру бүгінде өзекті болып отырғандығын айтады.
Жобаның орындалуы жас мамандар есебінен еліміздегі басқару кадрларын таңдау, сұрыптау, тәрбиелеуді және әлеуметтік маңызы бар салада мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік-қоғам және қоғамдық-саяси қызметі сынды үш бағытты қосуға мүмкіндік береді.