Мәдениет

Жас ақындар жасындай жарқылдады

Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай Шәкерім атындағы СМУ-дағы «Қазақстан студенттері Альянсының» ұйымдастыруымен жас ақындардың «Бәйшешек күлтесіндегі балауса жыр» атты облыстық жыр мүшәйрасы өткізілді.

Жас ақындар жасындай жарқылдадыОған Абай, Тарбағатай, Жарма, Үржар аудандарындағы және Семей-дегі мектептердің жоғарғы сынып оқушыларымен қатар «Жас ұлан» ерлер лицейінің жас өрендері қатысты.

Мүшәйра үш бағытта өрбіді. Оның біріншісі «Туған жерім – тұғырым, сарқылмайтын ғұмырым» атты бөлім болса, жас ақындар екінші айналымға М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Данышпаны даланың, сөзі мұра бабаның» атты арнауларымен шықты. Ал соңғы «Балғын шабыт жырлайды еркіндікті» бөлімінде шеберліктерін көрсете білді.

Сайыстың бас жүлдесін жалынды жырларымен көпшілікті тәнті ете білген абайлық жас дарын Серік Мұратов жеңіп алса, бірінші, екінші орындарды №47 орта мектептен келген Қуандық Кенжебекұлы мен Назерке Қабаева, үшінші орынды жасұландық Айзат Төлегенұлы қанжығасына байлады.

Асқар Құмар
Семей

Осы айдарда

Back to top button