Оқиғалар

Жас ана жолда босанды

Алдыңғы күні Семей қалалық жедел жәрдем көрсету станциясына қала маңындағы Талица ауылында 1992 жылы туған жас ананың толғатып жатқандығы туралы жедел хабар түскен болатын.

Жас ана жолда босандыТүнгі сағат 2-ден 49 минут кеткенде қабылданған хабар жедел жәрдем станциясын біршама әбігерге салды. Секундына 14 метр жылдамдықпен соғып тұрған жел мен боранда жолға шығу мүмкін емес болатын.

Семейден 52 шақырым қашықтықта орналасқан Талица ауылына дәрігерлер бригадасын жеткізу үшін қалалық құтқарушылар тобы көмекке келді. Арнайы АРМ-131 (Кунг) құтқару техникаларымен жасақталған олар фельдшерлерді межелі жерге жеткізді.

Семей қаласының перзентханасын бетке алған құтқарушылар мен дәрігерлер тобы ауылдан 20 шақырым ұзай бере толғақ қысқан ананы жол үстінде босандыруға мәжбүр болды. Дәрігерлер біліктілігінің арқасында дүниеге ұл бала аман келді. Ана мен бала Семей қалалық перинаталды орталығына жеткізілді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button