Мәдениет

Жаңа епископ жұмысына кірісті

Наурыздың жетісінде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Қазақстан және Астана Митрополиті Александрды қабылдады. Кездесу барысында еліміздегі орыс Православ шіркеуінің Митрополит округінің жетекшісі өңір басшысына Өскемен мен Семейдің жаңадан тағайындалған епископы Амфилохийді таныстырды.

Жаңа епископ жұмысына кірістіОблыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Александр әкейге Павлодар епархиясы құрамы-нан Өскемен мен Семейді бөліп шығаруда атқарған жұмыстары һәм біздің жерлесіміздің кандидатурасына көрсеткен қолдау-лары үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар епископ Амфилохий Күршім ауданында туып, өскендіктен Шығыс Қазақстанды, оның салт-дәстүрін жақсы білетіндігін атап өтті.

Облысымызда діни ахуалға жете мән беріледі. Өңірде өткізілетін барлық іс-шараларға ірі діни бірлестіктердің жетекшілері белсенді атсалысады. Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктерімен байланыс жөнінде үйлестіру кеңесі құрылған.

– Сіздер жаңа таныстырып отырған Амфилохий бізбен бірлесе отырып, шығысқазақ-стандықтардың мүддесі үшін жұмыс істейтін болады деп сенеміз. Облыста тұрып жатқан барша халық ұстанған дініне қарамастан өзара тату-тәтті, бірлікте, келісімде болатын болса, Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдайтын болса, мемлекетімізде тұрақтылық салтанат құратын болады, – деді Бердібек САПАРБАЕВ.

Облыс басшысы Астана және Қазақстан Митрополитіне елімізде дін туралы жаңадан қабылданған заңға байланысты ағымдағы жылдың бірінші жартысына дейін барлық діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өту үдерісін жылдамдатуға ықпал жасауға өтініш білдірді.

Өз кезегінде Астана және Қазақстан Митрополиті Александр шығысқазақстан-дықтардың мүддесі жолындағы ұлан-ғайыр жұмысы үшін облыс Әкіміне Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилдің арнайы жолдаған алғыс сөзін жеткізді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанда жеке епархия құрудың маңыздылығына тоқталды.

– Осының бәрі епископтар халыққа жақын болу мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаруалар. Олардан халық өзіне рухани қолдау мен жұбату алуға тиіс. Амфилохий өзінің туған жерінде қызметін жалғастыру барысында еліміздің Көшбасшысының ұс-танған бағытына қолдау білдіреді, жұртшы-лықты бейбітшілікке, бірлікке, өзара сый-ластыққа шақырады деп сенеміз, – деді Александр.

Жаңадан тағайындалған епископ Амфилохий барлық күш-жігері мен білімін туған жеріне арнайтындығын жеткізді.

Айта кетейік, Өскемен және Семей епис-копы Амфилохийдің аталған қызметіне ресми қабылдану рәсімі ағымдағы жылдың 26-ақпанында Мәскеу қаласында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилдің басшылығындағы қасиетті Димитрий Солунский шіркеуінде өткізілген болатын.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button