Білім

Жаңа заман мамандарын даярлайды

Теория мен тәжірибені ұштастыру –қазіргі күннің басты талабы. Ал өндірістік үдерістер үздіксіз жаңарып жатқан заманда сол саланың мамандарын даярлайтын оқу орындарына қойылар талап тіптен биік. Өткен ғасырдың құралдарымен жаңа ғасыр кадрларын даярлау мүмкін емес.

Мұны облыс әкіміДаниал Ахметов Өскемен политехникалық колледжінің материалдық техникалық базасымен танысу кезінде атап өтті.

Алпыс жылдан астам өңірдің энергетика саласы үшін маман даярлап келе жатқан оқу орны Өскемен жылу энергетикалық орталығының базасында ашылған. Ондағы мақсат – станцияға қажет кадрларды орталықтағы құрылғылардың негізінде   үйрету болатын. Қазір де колледждің бөлмелері кабинеттен гөрі өндірістікалаңға көбірек ұқсайды. Ал биыл облыстық бюджеттен бөлінген 168 миилион теңгеге оқу орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи өндірістік құрылығылар сатып алынды.

–Негізінен энергетика саласы үшін кадрлар даярлайтын оқу орны болғандықтан,материалдық-техникалық базаға көп көңіл бөлінеді. Өйткені бұл салада теория қаншалықты маңызды болса, оны қолмен ұстап, көзбен көрмей игеру мүмкін емес. Өндіріс саласы автоматтандырылып жатқан ғасырда түлектеріміздің де бұл үдерістерден хабардарболуына биыл барынша жағдай жасалды.Облыстық бюджеттен бөлінген 138 миллион теңгеге заманауи құрылғылар сатып алынып, студенттердің ақпараттық технологиялар және мультимедиялық бағдарламалармен жұмыс істеуіне мүмкіндік туды.  Мұның барлығы оқу процесіне оң әсерін тигізері сөзсіз,–деп атап өтті колледж директоры Исатай Исин.

Әуел баста-ақ өндіріс сұранысынын қанағаттандыру мақсатында құрылған оқу орны дуальды білім беру жүйесі кіріктірілгеннен кейін бұл істі жандандыра түсті. Колледж «Электр станцияларының электр құрылғылары мен жүйелері» мамандығының тәжірибелік алаңына айналып, келісімшарт негізінде «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, «Шығыс Қазақстан аймақтық энерегетикалық компаниясы» АҚ, «Өскемен су электр станциясы» ЖШС, «Казцинк» ЖШС сынды жетекші кәсіпорындарына келісімшарт негізінде маман даярлайды.

Оқу орнының директоры Исатай Исинның айтуынша, оған өздері өндірістік үдеріспен жете таныс оқытушылар мен жылдар бойы нығайтылып келе жатқан материалдық-техинкалық базаның арқасында қолжеткізілді.

Оқу орнының заманауи өндірістің талаптарына жауап беретін құрылғыларының жұмысымен танысқан өңір басшысы Даниал Ахметов өткен ғасырдың құрылғыларымен жаңа ғасыр кадрларын даярлау мүмкін еместігін атап өтіп, бұл бағытта колледжде атқарылған істерге оң бағасын берді. Сондай-ақ колледж негізінде осы сала мамандарын даярлайтын өзге де оқу орындарының студенттері білімдерін толықтырып, тәжірибе жинақтайтындай орталық құру қажеттігін алға тарты.

–Өндірістік сала үшін маман даярлайтын оқу орындарының барлығын қымбат құрылғылармен жабдықтау мүмкін емес. Осы колледж негізінде өңірдің өзге де оқу орындарының студенттерінің бір-екі айлық курс негізінде білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік жасауымыз қажет,–деп атап өткен аймақ басшысы білім беру басқармасына жаңа міндет жүктеді.

ЛаураТілеубайқызы

Осы айдарда

Back to top button