Білім

Үздік жас инспекторлар анықталды

Өскемен қаласындағы №9 орта мектепте облыстық жас жол қозғалыс инспекторларының слеті болып өтті. Бұл шараға қала мектептерінен 4 команда және облыстағы 14 ауданның жас жол қозғалыс жасақтары қатысты.

Үздік жас инспекторлар анықталдыАталмыш сайысқа келіп, бақтарын сынаған үміткерлер «Сапта тұру мен ән байқауы», «Үгіт бригадасы», «Жас санитар», «Жас реттеуші», «Қауіпсіз дөңгелек», «Жол-қозғалыс ережелері», «Командирлер байқауы» сынды 7 кезеңде өз өнерлерін көрсетті.

Тартысты өткен жарыстың жалпы қорытындысы бойынша бірінші орынды қаладағы №9 орта мектеп иеленсе, екінші және үшінші орындарға Көкпекті ауданы мен Өскемен қаласының №1 орта мектептері тұрақтады.

Сайыс соңында үздік өнер көрсеткен командалар мен жарыс жеңімпаздарға мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Облыстық ішкі істер
департаментінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button