Мәдениет

Үздік шыққандар ЭКСПО-ға қатысады

Үздік шыққандар ЭКСПО-ға қатысады


Семейлік қолөнершілер өздерінің бұйымдарын экологиялық таза өнімдерден жасайды. Қазылар оларды лайықты деп тапса, туындылары ЭКСПО қонақтарының назарына ұсынылмақ.

Қалада қазір осыған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Семейдегі Достық үйінде облыстық қолөнершілер орталығының жетекшісі Раиса Мұхамеджанованың қатысуымен арнайы форум өтті.

«Айша бибі» этномәдени орталығының басшысы Айман Ибрайқызының айтуынша, 1950-інші жылдардағы қолөнершілер картасы бойынша Қазақстандағы қолөнершілердің дені Шығыс өңірінде тұрады екен. Сол кезде Семейден 230 адам нағыз шебер деп танылған. Өткен жылы «Шеберлер қаласы» көрме-жәрмеңкесі өтіп, «ЭКСПО-2017»-ге қатысуға 18 адам таңдап алыныпты. Енді 18-дің ең үздігі ғана «ЭКСПО»-ға өтеді.

– Олар бес фотосурет жапсырылған арнайы сауалнаманы толтырады, – дейді Айман Ибрайқызы, – 18 адамның ішіндегі үздіктерді республикалық комиссия анықтайтын болады.

– Мына өтіп жатқан форум аясында «Түрлі-түсті қолөнер әлемінде» атты анықтамалықтың тұсауы кесілді, – деді қолөнерші Гүлмира Айғожина, – кітапқа 160 шебердің жұмыстары еніп отыр. Олардың отыздан астамы – семейліктер. «ЭКСПО»-ға үздіктер ғана баратындығына сенімдіміз.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button