Білім

Үздік мұғалімдердің еңбекақысы екі есе өседі

Мемлекет ұстаздар еңбегіне ерекше мән беріп отыр. Бұдан былай қызметте үздік мұғалімдердің айлық жалақылары екі есе өсетін болды. Мұндай жағымды жаңалықты Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Үздік мұғалімдердің еңбекақысы екі есе өседі– Біз мұғалімдердің еңбекақысын білім беру қызметі мен оқыту сапасына қарап өсіруді жоспарлап отырмыз. Биылғы қыркүйектен бастап олардың айлық табыстарының көтерілуі кәсіби қызметтеріне байланысты болады. Бүгінде біліктілікті жоғарылатудың жаңа жүйесі енгізілген, үздік тәлімгерлер сол арқылы анықталады, – дейді Бақытжан Жұмағұлов.

Министрдің сөзіне қарағанда, егер мұғалім жаңа жүйеге сәйкес үшінші деңгейді иеленсе оның жалақысы 30 пайызға жоғарылайды, ал екінші деңгейде болса – 70, бірінші деңгейде 100 пайызға көтеріледі.

Бір айта кетерлігі, пайыздық өсу базалыққа емес, толық еңбекақыға қатысты. Осындай мақсатты ұстанған министрлік 2015 жылға дейін 120 мың мұғалімді немесе республика оқытушыларының 45 пайызын қайта даярлаудан өткізуді көздеп отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button