Руханият

Үздік экскурсия жүргізушісі анықталды

Үздік экскурсия жүргізушісі  анықталды

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде «2016 жылдың үздік экскурсия жүргізушісі» атты байқау өткізілді.
Облыс қалалары мен аудандарының музейлерінен келген он үш үміткер маман үш кезеңде сайысқа түсті. Сайыскерлер алғашқы кезеңде өз экскурсияларынан түсірілген бейнефильм немесе слайдты көрермендер мен қазылар алқасына ұсынды. Екінші кезеңде «Ұлы дала хикаялары» еркін тақырыбында әңгімелеу, ал үшінші кезеңде музейге келген белгілі бір көрермендер контингентіне «Қош келдіңіздер!» деген тақырыпта, оларды қызықтыратындай экскурсия өткізу тапсырмалары берілді.
Осы үш кезеңнен де жоғары балл жинаған Шығыс Қазақстан өнер мұражайының маманы Шынар Еңсебаева байқау қорытындысында бірінші орынға шығып, 2016 жылдың үздік экскурсия жүргізушісі атағын жеңіп алды. Екінші орынға Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Айгүл Нұрабаева, жүлделі үшінші орынға Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қызметкері Динара Кәкенова ие болды.

Айтмұхамбет Қасымов

Осы айдарда

Back to top button