Оқиғалар

Зайсанда жер сілкінді

Зайсан ауданында магнитудасы 4,2 балды құраған жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедициясы мәлімдеді.

Зайсанда жер сілкіндіМамандардың хабарлауынша, аудан орталығы Зайсан қаласында да күші 2 балдық жер сілкінісі сезіліпті. Зілзала жұма күні таңғы сағат 10-дар шамасында болған.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 727 шақырым жерде орналасқан» делінген сейсмологтардың хабарламасында. Ошақтың тереңдігі 0-5 шақырымды құраған. Әзірге адам шығыны мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button