Қоғам

Зайсанда газбен қамтудың бірінші кезеңі сәтті жүзеге асты

Зайсанда газбен қамтудың бірінші кезеңі   сәтті жүзеге асты

Өңіріміздегі жері құнарлы, табиғаты әсем өлкенің бірі – Зайсан ауданы. Шығыстың қақпасы атанған іргелі аудан осы жылды қалай аяқтап отыр? Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қандай? Ауданда қандай игілікті шаралар атқарылып жатыр? Облыстық ақпараттық орталықта өткен брифингте бұл туралы аудан әкімі Алмас ОҢДАҚАНОВ журналистерге әңгімелеп берді.
Аудан әкімінің айтуынша, бұл ауданның ұтымды жері – ықшам орналасқандығында екен. Адам
өміріне қажетті қазба байлықтары мен жер аумағы жеткілікті болғандықтан, экономикалық жағынан да-муға да өте қолайлы. Облысымызда газ қызығын алғашқылардың бірі болып көріп отырған өңірлердің бірі де осы Зайсан ауданы. Аудан әкімі Алмас Оңдақанов ауданда «Ақбұлақ», «Жұмыспен қамту-2020» сынды мемлекеттік бағдарламалардың барлығы дерлік жүзеге асырылып жатқанын да баса айтты. Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несиелік қаражаттың көлемі 269 миллион теңгеге артып, 109 отбасы өзінің кәсібін ашуға мүмкіндік алыпты. Биыл бюджет қаржысын игеру 99 пайызды құрайды деп болжанып отыр. Салынып жатқан құрылыс нысандарындағы жұмыс та кестеге сәйкес жүргізілуде. Өз мерзімінен кешігіп, көш соңында қалып жатқан ешқандай нысан жоқ. Қаратал, Сарытерек, Дайыр сынды үш тірек ауылында барлығы 42 жобаны іске қосу жоспарланса, бүгіндері оның 41-і жүзеге асырылыпты.
Аудан әкімі Алмас Оңдақанов өңірде туризмді дамыту мүмкіндіктеріне де тоқталды. «Бәйтерек» демалыс аймағы негізінде тағы да бірнеше бағыт таңдалып алыныпты. Оның бірі – Қаратал-Талды, ал екіншісі – Біржан бағыты. Қаратал-Талдыдағы ыстық су мен Біржандағы батпақты пайдалану арқылы өңірге келетін туристер толқынын еселеуге болатын көрінеді. Әрине, ол үшін инвестиция да қажет. Осы орайда көрші Қытай кәсіпкерлерін тарту да ойда бар көрінеді.
Әрине, әкім халықты газбен қамту мәселесіне де тоқталып өтті. Газбен қамтудың бірінші кезеңі сәтті жүзеге асты. Қазір 30 үй мен 6 коммерциялық құрылым газбен жылытылып отырғанын айтқан Алмас Оңдақанов бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын да жеткізді.
Бұдан кейін аудан әкімі жергілік-ті және республикалық баспасөз өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

– Бүгінгі таңда «СМУ-Шығыс» ЖШС қолға алып жатқан жоба-дан басқа, ауданда тағы да қандай индустриялық жобалар бар?

– Келесі жылы жүгері өңдейтін зауыт құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл ірі жобаның іске асырылуы екі жылға жуық мерзімге созылмақ. Жоба алдағы 2014 жылы қолға алынады. Бұдан басқа «Нұр сервис» компаниясы ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорын ашпақ. Бұл жобаның құны – 150 миллион теңге. Қазіргі күні құрылыс жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, біздің аудан үшін соя өсіретін алқаптарды ұлғайтудың да маңызы зор. Биыл
200 гектар жерге соя егіп, гектарынан 25 центнерден өнім алдық. Келесі жылы біз соя алқаптарын 1000 гектарға дейін арттырмақпыз. Жалпы, біздің ауданның экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына негізделгенімен, кәсіпкерлік те өркен жайып келеді. Жоғарыда 100-ден астам адамның өз істерін дамыту үшін несие алғанын айттым. Мал бордақылайтын алаңдар салуды ойға алған кәсіпкерлер де бар.

– Зайсан жерінің кен орындарына бай екенін білеміз. Оның ішінде көмір мен жанғыш тақта
тас қоры да мол. Осы орайда жанғыш тақта тастарға бай кен орындарын игеру жұмыстары қалай жүруде? Қараша айында Қара Ертісте судың көтерілуі байқалған жоқ па? Байқалса, оның себебі неде?

– Қазіргі күні Кендірлік кен орнында жанғыш тақта тас қорының мөлшері, оның сапасының қандай екендігі анықталуда. Осыдан кейін барып жанғыш тақта тастарды не мақсатта пайдалануға болатыны нақтыланады. Еуропада жанғыш тақта тастардан газ да, мұнай да алынады. Ал біздің ауданда жанғыш тақта тастармен қатар мұнай да, газ да бар. Дегенмен, оны тиімді пайдаланудың жолдарын да қарастырамыз.
Иә, қараша айында су деңгейі көтерілді. Ресми түрде себебі белгісіз. Дегенмен, судың көтерілуі сондай қауіп төндірген жоқ.

– Зайсанда жерді суландыру жүйесін қайта қалпына келтіру жағы қалай? Суармалы жерлерде не егуді жоспарлап отырсыздар?

– Суармалы жерлердің өз қожайындары бар. Биыл Р-1, Р-2 каналдары жөнделмеуі себебінен олар суару жүйесін пайдалана алған жоқ. Келесі жылдан бастап ондай мүмкіндік болады. Бұл – Кеңсай ауылы маңындағы 4,5 мың гектар суармалы жер. Алдағы жылдан бастап Шілікті ауылдық округіне қарасты Шаған-Оба гидроторабын іске қосуды ойлап отырмыз. Онда шамамен бес мың гектардай суарма-лы жер бар. Бұрынғы жүйені қайта қалпына келтіру қажет іс. Егінмен айналысуда мәселе туындамас үшін мұнан басқа комбайн мен трактор секілді техникаларды да сатып алуды көздеп отырмыз.

– 1992 жылы Зайсанда тәулігіне 20 тонна сүт өндіретін сүт зауыты іске қосылып еді. Бірақ сауын сиырлардың саны аз болғаннан кейін ол зауыт жабылып қалып, оның жабдықтарын Өскеменнің маңындағы «Уварова» деген ауылға алып кеткен болатын. Қазір сүтпен қамтамасыз ету жағы қалай? Аудандағы балық шаруашылығының жай-күйі ше? Балық өңдейтін зауыт жұмыс істеп тұр ма?

– Кеңестік заманда осы сүт зауы-ты 15 тоннаға дейін өнім өндірді. Менің білуімше, 20 тоннаға жете қойған жоқ. Бірақ 15 тонна деген сүт біздің аудан үшін көл-көсір болатын. Қазір бізде жұмыс істеп тұрған сүт зауытының қуаты небәрі – 3 тонна. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін бізге сиыр фермаларын ашу қажет. Алдағы уақытта Қараталда екі сиыр фермасын ашуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкердің даниялық серіктесімен бірігіп, сүтті сиырлар әкелу ойы да бар. Жалпы, біздің сүт зауытының өнімдері табиғи. Сонысымен де бағалы. Ауданымыз ықшам болған-дықтан, қазіргі күні өңірдегі мектептер мен балабақшаларды сол өзіміздің сүт зауытының өнімдерімен қамтамасыз етіп отырмыз.
Балық өңдейтін зауыттың іске кіріскеніне небәрі жарты ай ғана болды. Өндіріс субаренда арқылы іске қосылды. Әрине, бюджет үшін оның жұмыс істегені өте пайдалы. Зауыт осы жылдың аяғына дейін
Ресейге балық өнімдерін шығаруды да жоспарлауда.

– Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді түгендеп, тізімге алудың нәтижесі қандай? Олардың қаншасы қазіргі күні пайдаланылмай жатыр?

– Зайсан ауданы ауыл шаруа-шылығы жерлерін түгендеуді алдағы жылы аяқтамақ. Бізде барлығы 34 мың гектар жер бар. Оның 20 мың гектарға жуығы суармалы жер болып саналады. Егер Кендірлік су қоймасына қатысты жоба іске асырылатын болса, суармалы жерлердің аумағы да ұлғаяды. Жүгері егуге 2800 гектарға жуық жер бөлінген. Келесі жылы жүгері өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отырған кәсіпкер егін алқабын тағы да 1300 гектарға көбейтпек. Ал шығарылатын өнімге келсек, жүгеріден 20-ға жуық дайын өнім алуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде консерві өнімдері де бар. Ал қалған қалдық малдың жеміне пайдаланылмақ.

– Зайсанда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы қалай жүзеге асуда? Ветеринар мамандардан тапшылық көріп отырған жоқсыздар ма?

– Ауданға келген мамандардың барлығына да көтермеақы берілді. Қазіргі күні біздің ауданда алты дәрігер мен он бір мұғалім жетіспей-ді. Десе де, облыс Әкімінің грантымен қазіргі күні біздің ауданнан он алты бала жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Келесі жылы медициналық жоғары оқу орнын тамамдайтын алты дәрігерді жұмысқа қабылдаймыз деп үміттене-мін. Алдағы жылы жас мамандарға арналған шағын отбасылық жатақ-ханалар да салына басталмақ.
Ветеринар мамандардың жетіс-пеушілігі алдағы жылдары қатты сезілмек. Шамамен бізге 63 маман қажет болады. Семей қаласында студенттермен өткізген кездесуде біз бұл мәселені ерекше атап өттік. Бұл мәселені шешудің жолдарын да ойластырып жатырмыз.

– Зайсан ауданында болашағы жоқ елді мекендер бар ма?

– Жалпы, шекара маңындағы ауданда болашағы жоқ ауылдар болмауы тиіс. Сондықтан да біз шекараға жақын елді мекендерде халықтың жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Аудан экономикасының негізі ауыл шаруашылығы болса да, қазіргі күні қайта өңдеу саласы, шағын және орта кәсіпкерлік пен туризмді дамы-
ту қарқынды қолға алынуда.

– Ауданда бұқаралық спортты дамыту қалай жолға қойылған? Өзіңіз қандай спорт түрімен айналысасыз?

– Зайсан ауданының көп жылдар бойы қалыптасқан спорттық дәстүрлері бар. Зайсандық футболшылардың табысы туралы облыс тұрғындары жақсы біледі деп ойлаймын. Тұрғындар түрлі спорт түрлерімен белсенді айналысады. Бізде түнгі сағат он бірге дейін спорттық мекемелердің есігі ашық. Өзім футбол, баскетбол, волейболмен айналыс-қанды ұнатамын.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button