Жаңалықтар

Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО-ның Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды.

Зайсан ауданының жаңа басшысы – Аэлита Ахметсәлімқызы, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Аэлита Ахметсәлімқызы – Зайсан қаласының тумасы. Өскемен педагогикалық институтында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да педагогикалық білім алған. Еңбек жолын 1989 жылы балабақша тәрбиешісі болып бастады, әр жылдары мемлекеттік қызмет органдарында, сонымен қатар, туризм саласында жемісті еңбек етті. 2002 жылдан бері туған өңіріндегі «Айка» шаруа қожалығын басқарып келеді. Бірнеше жыл бойы Зайсан ауданының мәслихат депутаты, ал осы жылдың 19 наурызынан бастап облыстық мәслихаттың депутаты болды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов оның саяси тәжірибесі, басқарушылық қабілеті мен жерлестерінің  мұң-мұқтажын жақсы білетінін айта келе, болашақта облыстағы жақсы көрсеткіштер көрсететін басшы болатынына сенім білдірді.

Осы айдарда

Back to top button