Оқиғалар
Заңсыз жүрген шетелдіктер анықталды
Семейде «Заңсыз келуші – 2012» республикалық жедел алдын алу шарасы өтуде. Жыл басынан бері қалада әкімшілік жауапкершілікке 375 шетелдік азамат тартылған, оның 33-і ел шекарасынан шығарылды.
Жүргізіліп жатқан шараның басты мақсаты – Қазақстанда заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерді анықтау. Полиция қызметкерлері оқу орындарын, тұрғын үйлер мен жатақханаларды, базарлар мен вокзалдарды тексеріп, заңсыз келген 61 шетелдік азаматты анықтаған. Оның 22-сі тіркеу тәртібін бұзған, басқалары келу тәртібін сақтамаған. Бұлар негізінен Өзбекстан, Қытай, Ресей, Түркімен елінің азаматтары.
Қазір заңсыз келушілер мәселесі сотқа жіберіліп отыр. 14 гастарбайтер еліне қайтарылды. Оларға енді Қазақстанға келуге бес жылға дейін тыйым салынады.
Шығыс-Ақпарат