Оқиғалар

Заңсыз тексеру жүргізгендер қызметінен кетті

Облыстық қаржы полициясының жеті қызметкері негізсіз тексеріс жүргізгені үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыстық экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің бастығы Бәделхан Қамалханұлы хабарлады.

Заңсыз тексеру жүргізгендер қызметінен кеттіОның айтуынша, облыс бизнесмендері ведомство тарапынан күдікті тексерістердің жиі жасалатынын алға тартып, шағымданған. Нәтижесінде аталған істер бойынша тиісті шаралар қабылданып, департаменттің бірқатар қызметкері (7 адам) жұмыстан босатылған.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен ағымдағы жылы қаржы полициясы органдарының барлық жеке құрамына кезектен тыс аттестация өткізіледі. Біз бұл рәсімді әділ және барынша ашық жүргізетін боламыз, – деп атап өтті Б. Қамалханұлы.

Шығыс–Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button