Құрылыс

Заманауи тұрғын үй кешені бой көтереді

Азамат Темірбеков

Биыл Ұлан ауданында тұрғын үй кешенін салуға байланысты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, бұл жобаның бір ерекшелігі, тұрғын үй кешенінің  жанында сауда, ойын-сауық, сондай-ақ білім беру орталығы орналасатын болады.

«Аталған нысан ауданымыздың орталығы, Қасым Қайсенов кентінде, ұзақ жылдар бойы құрылысы аяқталмай  тұрған спорт кешені  ғимаратының орнына салынады. Бұл жобаны  жерлесіміз, кәсіпкер Есен Мейірбаев қолға алды. Бос тұрған ғимаратты қайта жаңартқаннан кейін аудан орталығының сәулеттік келбеті пайда болады. Мұнда уақытша, содан кейін тұрақты жұмыс орындары құрылады. Осылайша ауданда инвестиция тарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет», – делінген аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Осы айдарда

Back to top button