Құрылыс

Қаржы сәуірге дейін қайтарылуы қажет

Аймақ басшысы Даниал Ахметов «Дейнека» компаниясына қатысты кезекті кеңес өткізді. Естеріңізге салсақ, құрылыс компаниясы броньдау шарттарын қолдану арқылы тұрғындардың ақшасын тартып, бірақ міндеттерін орындамаған. Үйлердің құрылысы әлі аяқталмай тұр.

Бірнеше заңсыз тәсілдің көмегімен компания жарты миллиард теңгеге жуық қаржы тартыпты.

Кеңеске прокуратура мен кірістер департаментінің қызметкерлері де қатысты. Бұл ведомстволардың өкілдері жүз миллион теңгенің адамдарға қайтарылғанын мәлімдеді, алайда бірнеше азамат компания жалпы соманың он пайызын ұстап қалғанын айтуда.

– Бұл – заңбұзушылық, адамдарға сәуір айына дейін қаражат толығымен өтелуі керек. Әйтпесе, іс басқа деңгейде қаралады. Мәселе әкімдік пен қадағалау органдарының қатаң бақылауында. Сондай-ақ компанияның инвесторлары да белгісіз. Мен қала әкіміне осы ақпаратты анықтауды тапсырдым. Компания басшылығы адамдарға қайтаруға жетерлік қаржыларының бар екенін растауы керек, – деді облыс әкімі.

Броньдау шарттарын қолданып, нысандарды аяқтауға міндеттеме алған басқа компаниялар да мұқият тексерілетін болады. «Дейнека» мәселесі қайталанбауға тиіс.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button