Экономика

Өз ұшағымызбен ұшамыз

Қазақстандық алғашқы жеңіл моторлы «Арай» атты үш ұшаққа мемлекеттік тіркеуден өткені жайында куәлік берілді. Бұл жөнінде Көлік және коммуникациялар министрлігі хабарлайды.

Өз ұшағымызбен ұшамызҰшақтар канадалық лицензия бойынша «АвиаМастер Эйркрафт» шағын кәсіпорнында жасалып шығарылды. «Арай» агрохимиялық жұмыстарды жүргізумен қоса мұнай құбырлары мен электр желілерін қадағалап отыруға пайдаланылмақ. Ұшақ қысқа арақашықтықтан тез көтеріледі және дайын емес алаңдарға да қонады, ұшу қашықтығы 1000 шақырымнан асады. Ең бастысы, аппарат қазақстандық А-95 автомобиль бензинімен жұмыс істейді.

Тіркеуден өткен алғашқы үш ұшақты қазақстандық «Зерновая культура» компаниясы сатып алған. Аталмыш кәсіпорын бұдан басқа тағы он ұшақ сатып алуға дайын.

Өндіруші компания жетекшісінің сөзіне сенсек, бұл аппараттың ерекшелігі, оның модификациясын әрқалай өзгерте отырып, оны суға да, көк мұзға да қонатындай бейімдеп шығаруға болады екен.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button