Қоғам

Өзі оқыған мектебін компьютермен жабдықтады

Өзі оқыған мектебін компьютермен жабдықтады

«Туған жерге – тағзым» акциясы аясында Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылының тумасы, бүгінде Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарып жүрген Темірбек Қасымжанов өзі білім алған Абай атындағы орта мектепке үлкен сыйлық жасады.

Орта мектептен түлеп ұшқандарына 40 жыл толу құрметіне орай туған ауылы Қарабұлаққа арнайы келген Т.Қасымжанов осындағы өзі оқыған білім ұясын аралап көріп, жерлестерімен қауышты. Мектептегі информатика пәнінің сынып бөлмесіне 17 жаңа компьютер мен қосымша жабдықтар сыйға тартты.

Осындай салтанатты шараға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, ұстаздар қауымы және ауыл тұрғындары қатысты. Өз кезегінде аудан әкімі Алмас Оңдақанов туған жерін ұмытпай, жерлестеріне сый-құрмет көрсеткен әріптесіне ауылдастары атынан алғыс айтты.

Осы айдарда

Back to top button