Білім

Құқықтық сауаттарын арттырды

Жастарға, әсіресе, мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру, оларды шалыс басудан сақтандырып қана қоймай, адамгершілік және моральдық тұрғыдан жетілдіре түсетіні сөзсіз. Сол мақсатта Серебрянка қаласындағы №2 Зырян аудандық соты «Ашық есік» күнін өткізіп, оған қаладағы мектеп оқушыларын шақырды.

Құқықтық сауаттарын арттырдыРеспубликалық «Сен және сенің құқың» акциясы аясында өткізілген шара барысында М.Инюшин атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары ең алдымен сот әкімшілігі орналасқан ғимаратты аралап көріп, сот жү-йесінің қалай жұмыс істейтіндігімен танысты. Судья Кәмелхан Индира оқушыларға еліміздің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, еліміздің сот жүйесі, судьялардың жауапкершілігі, сот құрылымы, құжаттар айналымы, күнделікті өтетін сот процестері туралы әңгімеледі. Шара барысында балалар қойған сұрақтарына тиісті жауаптар алды. Сөйтіп, оқушылар мектептегі пән сабақтарынан алған білімдерін толықтырып, құқықтық сауаттары мен мәдениеттерін дамыта түсті.

А. Сағындықова
Зырян ауданы

Осы айдарда

Back to top button