Оқиғалар

Қытай ғалымдарын құтқарып алды

Семейлік құтқарушылар қытайлық ғалымдардың қар құрсауынан шығуына көмек көрсетті. Олардың автобустары Семей қаласынан 910 шақырым қашықтықта тоқтап қалған, көлікте 6 адам болыпты.

Қытай ғалымдарын құтқарып алдыТүнгі сағат 22.00 шамасында Семей қаласының ТЖБ қызметкерлері арнайы мамандандырылған көліктермен зардап шеккендерге қарай жолға шыққан. Құтқарушылар қар құрсауында қалған қытайлық азаматтарға жетіп, оларды жылыту орнына апарады.

– Сол күні қатты жел тұрып, жолды жауып тастады, ауа температурасы 20 градус суық болды. Көмек келгенге дейін жолаушылар қатты жаурап қалыпты, оларды жылытып, жылы көрпелер беріп, денсаулықтарын тексеріп шықтық, – дейді төтенше жағдайлар қызметкері Дмитрий Алябьев.

Істен шыққан көлікті суық түнде жөндеу мүмкін болмағандықтан, оны сүйреп апаруға тура келген. Сағат таңғы 6.30-да құтқарылған адамдар екі көлікпен Семей қаласына жеткізілген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button