Әлеумет
Ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіледі
Облыстың мектептерінде бастауыш сынып оқушыларының бір бөлігі тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
16546 оқушы немесе оқушылардың 17%-ы тамақпен тегін қамтылмақ, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары – 8632. Бұл мақсатқа 1,2 миллиард теңге бөлінді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары мектеп асханаларынан бал мен сүт алады.