Оқиғалар

Қырық тонна күнбағыс өртеніп кетті

Қарашаның 10-ы күні Өскемендегі Защита элеваторында ірі өрт оқиғасы болып, 40 тонна күнбағыс отқа оранды. Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер тоғыз сағат бойы арпалысты.

Қырық тонна күнбағыс өртеніп кеттіТөтенше жағдайлар қызметінің деректеріне қарағанда, оқыс оқиға күндізгі сағат 11-лер шамасында кептіру құрылғысында орын алған. Өрт салдарынан 40 тонна күнбағыспен бірге транспорт лентасы да күлге айналған. Дереу жеткен мамандар қызыл жалынның бетін сағат 15.00 шамасында әрең қайтарған, ал оны толықтай кешкі 20.00-де бірақ өшірген.

Жұртты аяғынан тік тұрғызған жағдайға облыстық ТЖД-ның жеке құрамдағы 45 адамы және 10 техника жұмылдырылған. Отты өшіру кезінде екі адам әртүрлі деңгейдегі термиялық күйікке шалдыққан. Оның бірі ауруханаға жатқызылып, екіншісі алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйге қайтарылған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button