Білім

Қырық бес оқушының жиырмасы жүлдегер атанды

Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілуде. Солардың бірі – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысы.

Қырық бес оқушының жиырмасы жүлдегер атандыАлматы қаласының «Алатау» шипажайында Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген дүбірлі сайысқа ғылымға алғаш қадам басқан оқушылар жиналды. Сөйтіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендіктерін көрсеткен 616 оқушы «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» атты төрт бағыт бойынша өз ұстанымдарын ұсынды.

Бұл білім байқауына біздің өңірдегі қалалық және облыстық сыннан сүрінбей өткен балалардың 35 ғылыми жобасы жолдама алған-ды. Байқаудың нәтижесі бойынша облысымыздан қатысқан 45 оқушының 20-сы жүлделі орындарға ие болып, Шығыс Қазақстан командасы республика бойынша I орынға шықты. Бұл табыста білім биігіне ұмтылған оқушылармен қатар өңірлік «Дарын» орталығының директоры Жанат Айтпаеваның, осы мекеменің қызметкерлерінің және оқушыларды терең де нақты ғылыми жұмыстарға баулып, бағыт-бағдар берген мұғалімдердің еңбектері ерекше.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Осы айдарда

Back to top button