Спорт

Волейболдан Республикалық турнир басталды – Өскемен

Облыс орталығында волейболдан Республикалық турнир басталды.

Колледж студенттері арасында өтетін тартысты додада ел аумағынан келген 30-ға жуық команда бақ сынауда, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Республикалық турнир маусымның 13-нен 16-на дейін жалғаспақ. Шығыс өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарыста ұлдардан 15, қыздардан 13 команда бақ сынайды.

-Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Студенттер арасындағы ауқымды турнирді алғаш рет өткізіп отырмыз. Еліміздің түкпір-түкпірінен нағыз мықтыны анықтауға жас спортшылар келді. Ойын өтетін алаңның барлығы сақадай сай. Ұлдар арасындағы жарыс Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде өтеді. Ал қыздар Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде ойнайды. Турнирдің финалдық ойындары мен жабылу салтанаты Шығыс Қазақстан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болады, -дейді «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-нің техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Гүлмира Мамырбекқызы.

Айта кетелік, финалдық ойындар 16 маусымда Шығыс Қазақстан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтпек. Жарысты тамашалаймын деген жанкүйерлер үшін сайыстың есігі айқара ашық.

 

Осы айдарда

Back to top button