Туризм

Үздік үштікте Шығыс Қазақстан жоқ

Қазақстанға келетін шетелдік туристер арасында Шығыс Қазақстан облысы аса танымал емес. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті.

Белгілі болғандай, Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау облысы еліміз бойынша шетелдіктер таңдайтын саяхат бағыттарында көш бастап тұр. Ал, Шығыс Қазақстан облысы демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша үштікке енбей қалған.

Ержан Еркінбаевтың айтуынша, былтыр Алматыға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келсе, Астанада бұл көрсеткіш 238 мыңнан астам адамды құраған. Сол сияқты Маңғыстау облысына өзге елдерден 41 мыңнан астам турист келіп қайтқан. Қонақтар оңтүстік астанада орта есеппен 3-5 күн, елордада 2-3 күн, ал Каспий теңізінің жағалауында 7-12 күн өткізген екен.

Сәрсен Қабылым

 

Осы айдарда

Back to top button